четверг
19 ноября 2026

Медициналық сауаттылық – дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынастың негізі

12 минут назад
Просмотров: 29
Медициналық сауаттылық – дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынастың негізі Дәрігермен дұрыс қарым-қатынас жасау – сапалы медициналық көмек алудың маңызды шарттарының бірі. Пациенттің өз денсаулығы туралы ақпаратты нақты жеткізуі, қажетті сұрақтарды қоя білуі және берілген ұсынымдарды дұрыс түсінуі аурудың алдын алуға, емдеудің тиімділігін арттыруға және денсаулыққа қатысты саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Осы мақсатта 16 қарашада «Қоғамдық денсаулық» кафедрасында «Күміс университет» жобасы аясында «Медициналық сауаттылық: дәрігермен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?» тақырыбында дәріс өткізілді. «Күміс университет» жобасы аға буын өкілдерінің білім алуына, белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мұндай бастамалар егде жастағы азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді.

Дәріс барысында дәрігер қабылдауына алдын ала дайындалу, денсаулық жағдайы мен байқалған белгілер туралы ақпаратты нақты әрі жүйелі жеткізу, қабылдап жүрген дәрілік препараттар туралы хабарлау және маңызды сұрақтарды дұрыс тұжырымдау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар медициналық тағайындаулар мен ұсынымдарды дұрыс түсінудің, түсініксіз ақпаратты дәрігерден қайта сұрап, нақтылаудың маңызы түсіндірілді.

Іс-шараның практикалық бөлімінде дәрігер мен пациенттің өзара қарым-қатынасына қатысты жағдаяттық кейстер талқыланды. Тыңдаушылар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап және күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық ұсынымдар алды.

Медициналық сауаттылықтың қоғамдық маңызы зор. Денсаулығына қатысты ақпаратты дұрыс түсінетін адам ауру белгілеріне дер кезінде назар аударып, медициналық көмекке уақтылы жүгінеді, дәрігердің ұсынымдарын дұрыс орындайды және өзін-өзі емдеуден туындайтын қауіптердің алдын алады. Ал дәрігер мен пациент арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынас түсініспеушілікті азайтып, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттырады.

Осындай ағартушылық іс-шаралар аурулардың алдын алуға, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалануға және қоғамда денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Аға буын өкілдерінің медициналық сауаттылығын арттыру олардың дербестігін сақтауға, белсенді ұзақ өмір сүруіне және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 «Семей Медицина университеті» КеАҚ

«Қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі З. А. Хисметова,

«Қоғамдық денсаулық» кафедрасының ПОҚ: PhD, Д. С. Серикова-Есенгельдина,
э.ғ.к. А. К. Ибраева,

м.ғ.м., Д. М. Маратова,
м.ғ.м., А. Г. Мухамеджанова,
м.ғ.м., Б. Б. Оразаева

Читают также:

Выборы депутатов маслихатов
ТВК-6 Онлайн
Вопрос / Ответ




Опросы

Основной источник информации для Вас?

Новости
Политика
Экономика
Культура
Жизнь
© Газета «Спектр», 2014. Все права защищены.
Перепечатка с сайта для печатных изданий разрешается при условии ссылки на сайт, для интернет-ресурсов — при условии активной гиперссылки www.spectr.com.kz
Ответственность за содержание и достоверность рекламных материалов несут рекламодатели.
На сайте могут использоваться фото и видеоматериалы из открытых источников.
Наши вакансии
Адрес: 071400, Казахстан, область Абай, г. Семей, ул. Шугаева, 30
Тел.: 8 (7222) 56-15-87
Тел.-факс: 8 (7222) 52-00-86, 8 (7222) 52-13-14