Апталықтың басталуы «Заңдылық керуені — қолжетімді заң көмегі» атты бастамамен ерекшеленді. Прокуратура, полиция және өзге де құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған мобильді топтар алыс елді мекендерге шығып, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кез келген азаматқа заңгерлік кеңес беруде. Негізгі басымдық — әр азамат үшін құқықтық ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығына берілуде.
Азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық, жасөспірімдер арасындағы және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Тұрғындар тұрғын үй заңнамасына, еңбек дауларына, әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарын қойып, уәкілетті органдарға өтініштер мен арыздарды жазуға көмек ала алады.
Облыс прокуратурасы мұндай акциялар тек құқықтық көмек көрсетумен шектелмей, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуғада бағытталғанын атап өтті.
«Заң мен Тәртіп апталығы» осы апта соңына дейін жалғасады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24 маусымында облыс прокуратурасы ашық есік күнін өткізді. Облыс тұрғындары іс-шараға белсене қатысып, өз құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.
В поезде мне досталась верхняя полка, а сосед снизу не хочет даже на время еды, уступать свое место. Правильно ли это?
05 июня 2025, 10:55
Можно ли восстановить удостоверение личности, находясь в другом городе, не по месту прописки?
09 апреля 2025, 05:20
Какие поправки в Кодекс об административных правонарушениях вступают в силу?
12 марта 2025, 00:30
Каковы сейчас правила регистрации, хранения и перевозки оружия
31 января 2025, 11:15