четверг
7 августа 2025

Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты музыкалық кеші өтті

05 августа 2025, 06:37
Просмотров: 287
Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты музыкалық кеші өтті Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар аясында көрнекті күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің қатысуымен «Абай жолы» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның күйлері арқылы қазақ халқының болмысы, табиғатқа, өмірге, адамға деген көзқарасы саз тілімен өрнектелді.

Қала тұрғындары мен қонақтары, өнерсүйер қауым кешке көптеп жиналып, залға лық толған көрермен қазақтың дәстүрлі өнерін ерекше ықыласпен қабылдап, шынайы ризашылықтарын білдірді.

«Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі дәстүрлі саз өнері мен заманауи классиканы шебер ұштастырып, Абай шығармаларына арналған музыкалық интерпретацияларды жоғары деңгейде ұсынды. Оркестр орындауындағы әрбір шығарма көрерменге терең ой салып, әсерлі әуендерімен тыңдаушының жүрегінде ерекше із қалдырды.

Читают также:

Новости
Политика
Экономика
Культура
Жизнь
© Газета «Спектр», 2014. Все права защищены.
Перепечатка с сайта для печатных изданий разрешается при условии ссылки на сайт, для интернет-ресурсов — при условии активной гиперссылки www.spectr.com.kz
Ответственность за содержание и достоверность рекламных материалов несут рекламодатели.
На сайте могут использоваться фото и видеоматериалы из открытых источников.
Наши вакансии
Адрес: 071400, Казахстан, область Абай, г. Семей, ул. Шугаева, 30
Тел.: 8 (7222) 56-15-87
Тел.-факс: 8 (7222) 52-00-86, 8 (7222) 52-13-14