Спектр
  • :

Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары ынтымақтастық орнатпақ

31 Октября 2016
Просмотров: 1788
Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары ынтымақтастық орнатпақ
Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облыстарының әкімдері Даниал Ахметов пен Кәрім Көкірекбаев ынтымақтастықтың жаңа дңгейіне көшуге бел буып, экологияны қоса алғанда экономиканың барлық салалары бойынша меморандумға қол қойды. Өңіраралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған келісім - сауда-экономика, ғылым және техника, гуманитарлық салалаларды қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін екі өңірдің және ондағы барлық салалық департаменттер мен басқармалардың басшыларының кездесуі барысында тараптар ынтымақтастықты тереңдетудің басым бағыттары мен өңірлердің әлеуеттері туралы сөз етті. Онда бірлескен кәсіпорын құру мәселелері де әңгіме өзегіне айналды.

Тараптарды қызықтарған мәселелер жиын барысында толық ашылды деуге келмейді. Дегенмен, онда көтерілген мәселелерге қарай отырып, болашақта бірлескен кәсіпорындардың құрылуы әбден мүмкін екендгіне көз жеткізуге болады. Бұл ретте өңір өкілдері бірлескен кәсіпорындарды шетелдік инвестициялардың көмегімен де жүзеге асыруға қарсы емес.

Облыс өкілдерінің пікірлерінше, әсіресе шағын және орта бизнес кәсіпорындарының арасындағы тауар сатып алу, ірі компаниялардың қызметтері мен жетістіктерін пайдалану сияқты тәжірибені жолға қойған жөн. Өз кезегінде бұл шара тауар айналамы мен бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Өңірлер ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдері тасымалын жолға қойып, металл өңдеу, машина құрылысы салалары бойынша да ынтымақтастық орнатуы мүмкін. Сонымен қатар шаруа қожалықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға да баса көңіл бөлмек.

Нақты келісімдер бойынша қабылданған шешімдер кейінірек мәлім болады. Ал, бүгін базалық келісімге қол қойылған соң тараптар ШҚО шаруашылықтарын аралады.


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA