Спектр
  • :

Шығыс аймағы әскери прокуратурасының тарихы

12 Октября 2021
Просмотров: 388
Шығыс аймағы әскери прокуратурасының тарихы
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң әскери прокуратуралардың тағдыры да айқындала түсті.


1992 жылғы 7 қаңтарда Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен Қазақстан аумағында орналасқан әскери прокуратуралар Республика прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне енгізілді және осы жылғы 17 ақпанда Бас прокуратураның құрылымында әскери прокуратуралардың басқармасы құрылды, кейіннен Бас әскери прокуратура болып қайта құрылды. Одан соң қадағалау органына әскери қолбасшылықтың ықпалынан тәуелсіздік беру үшін әскери қызметшілерді қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелері Қорғаныс министрлігінің қарамағынан Бас прокуратураға берілді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының құрылғанының 30-жылдығын мерекелеуге дайындық шаралары жүргізілуде.

Осыған орай, әскери прокуратура органдарының құрылу тарихына шолу жасасақ, Кеңес заманында Қазақстанда әр жылдары Орта Азия әскери округінің әскери прокуратурасы, гарнизондардың әскери прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар құрылып, жұмыс істеген.

Соның бірі Шығыс аймағы әскери прокуратурасы.

Аймақтық әскери прокуратураның құрылу тарихы 1970 жылдан бастау алады, ол кезде Семей гарнизонының әскери прокуратурасы деп аталған болатын.

1981 жылғы 1 желтоқсаннан 1989 жылғы 1 қыркүйекке дейін әскери прокуратура - 35507 әскери бөлімі болып өзгертілді, содан кейін бұрынғы атауы қайта қайтарылды.

2000 жылғы 6 қазаннан бастап Шығыс әскери округінің құрылуына байланысты Семей гарнизонының әскери прокуратурасы Шығыс әскери округінің әскери прокуратурасы болып, ал 2004 жылғы 5 қаңтардан бастап әскери округтерді өңірлік қолбасшылықтар етіп қайта ұйымдастыру шеңберінде Шығыс аймағының әскери прокуратурасы болып өзгертілді.

Шығыс аймағының әскери прокуратурасы Семей гарнизоны аумағында заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшесі.

Әр жылдары Шығыс аймағының (Семей гарнизоны, Шығыс әскери округі) әскери прокуратурасын әділет подполковнигі Ю.С.Курбанов (1970-1973), әділет подполковнигі Сухомлин (1973), әділет майоры В.Н. Кабизов (1973-1977), әділет полковнигі Бикеев (1977-1986), әділет полковнигі В.Ф. Карпенко, әділет полковнигі В.А. Карепов (1988-1990), әділет майоры Ю.В. Потанин (1990-1993), әділет подполковнигі Н.Е. Шевич (1993-1995), әділет полковнигі С.Қ. Сақежанов (1995-2000), әділет полковнигі А.Қ. Молдағалиев (2000), әділет полковнигі Б.А. Тазабеков (2000-2003), әділет полковнигі Б.Қ. Жұмаханов (2003-2008), әділет полковнигі С.С. Момышев (2008-2010), әділет полковнигі Қ.А. Игембаев (2010-2012), әділет полковнигі С.Б. Төреханов (2012-2018) басқарды.

Бүгінде Шығыс аймағының әскери прокуратурасы қойылған міндеттерді табысты орындайтын, Семей гарнизонының әскери қоғамында заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органы ретінде қызметін жалғастыруда.

 

 

    А. Шитенов, Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі                                                                                                                                  



Вопрос ответ

все вопросы

Что делать если потерял удостоверение личности?

Нередко происходят такие ситуации, когда теряем личные вещи. Такие жизненные неприятности могут возникнуть у каждого особенно, если это случается с документами, удостоверяющими личность. Что делать если потерял удостоверение личности?

07.12.2021

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA