
«Жасыл Ел» мүшелі жастан өтті
Бүгiн Семейде жасыл ел жасағының жастары үшiн үлкен мереке - кезектi маусымының жабылу салтанаты. Сондай-ақ, ХІІ-ші жабылу маусымы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырлып отыр. Туған өлкемiзiдiң орман, тоғайларын қоқыстан арылтып, жасыл желектi сақтау қажеттiгiн жасыл ел отрядының құрамында болған әрбiр шығысқазақстандық жастар жақсы түсiнедi.
Залға жиылған жастардың барлығы жаз мезгiлiнде өңiрiмiздiң әсем табиғатын қорғап, оны абаттандыруға ат салысқандар мен салтанатты жиынға келген арнайы қонақтар болды. Шара барысында«Жасыл ел» штабының директоры қолдау көрсеткен қала басшыларына алғысын білдірді.
«Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ШҚО-да 9 аудан мен екі қалада 47 жұмыс объектісінде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары бойынша 16 мен 29 жас аралығында 1650 жас сарбаз жұмыспен қамтылған. Келесі маусымда сарбаздардың санын 2 есеге дейін үлғайту жоспарымызда бар,- дейді ШҚО «Жасыл ел» штабының директоры Қуаныш Қасенов.
Биылғы маусымда облыс бойынша 110 га жерде жұмыс жасалып, 2000 аса түп ағаш отырғызылған. 17 жұмыс берушімен жұмыс атқарып, 30-ға жуық іс-шара өткізген. Оның ішінде алтауы республикалық деңгейдегі іс-шара болып танылады. Осыған ат салысқандар «Үздік аудан»,«Үздік сарбаз», «Үздік жасақ», «Үздік жасақ командирі» және т.б. 10 номинация негізінде үздіктер анықталып марапатталды.
Динара Ерболқызы