Спектр
  • :

Жаңа жобалар сарапталды

25 Октября 2016
Просмотров: 1305
Жаңа жобалар сарапталды

«Ортақ жұмыс». «Семей» қонақ үйі қабырғасында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен сайыс осылай деп аталды. Жарыс орнықты түрде іске асырылған жобалар арасында өтті.  Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы бұл бәйгені  әлеуметтік қызмет саласын жақсарту мақсатында ұйымдастырған-ды.


Тартысты додаға қаладағы Қалматаев атындағы медицина,  педагогикалық, геологиялық барлау колледждері, ҚазИГЗУ, Семей медицина университеті және №7 лицей  оқытушылары мен оқушылары қатысты. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйым – «Отбасы»  қоғамдық  орталығы да өз жобасын ұсынып, жарыста ерекшеленді. «Әрбір ұйым ұжымының атқарған жұмыстары, сайысқа салған жобалары тиянақты. Дегенмен, әр мекеменің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес»,-дейді ұйымдастырушылар.


Жүзеге асырылған жобалар арасында өткен сайыстың қорытындысында жүлдегерлер  «ақпараттық орта», «әлеуметтік мәдени орта», «біліми орта» сынды аталымдар бойынша марапатталды. Бәйгеге қосылған жоба авторларына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Мұндай сайыстар қала халқының мәдениетін көтеріп қана қомай, білім беруші тұлғалар мен білімпаз жастардың шығармашылығын шыңдауға мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.  

Айгерім Айтқазина


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA