Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай Семей қаласында «Мәңгілік елдің «Заң керуені» атты кең көлемді акция ұйымдастырылды. Акцияның беташар рәсімі қалалық әкімдіктің кең залында өтті. Аталмыш игілікті шараға облыс прокуратурасының 150-ден астам қызметкелері арнайы келіп қатысты.
– Бұл ұйымдастырылып отырған акцияның мақсаты – қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың қорғалуы, құқықтық мәдениетін арттыру және туындайтын мәселелерді шешу болып табылады. Осы мақсатта арнайы келіп отырған 150 прокрурор қаланың сауда орындары мен базарларын аралап, тұрғындар сұрақтарына орай, заң талаптарын түсіндіріп, олардың жеке құқықтары туралы айтып береді. Және ең бастысы, Жер заңнамасының нормаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы «Жер кодексінің жеке нормаларына мораторий енгізу туралы» Жарлығын түсіндіруге баса назар аударылатын болады. Қазір көрші Бесқарағай, Бородулиха аудандарында да прокурорлар жүр, халыққа Жер кодексінің өзгерістерін түсіндіріп жатыр. Егер халық Жер кодексіндегі өзгерістердің мына тұсына келіспейміз деп жатса, оны да ескеру қажет, - деді облыстың бас прокуроры Бағбан Тайымбетов.
Аталмыш жиын барысында пікір білдірген қала әкімі Ермак Сәлімов те ұйымдастырылып отырған «Заң керуені» акциясының береріне тоқталып өтті.
– Бұл шарада тек қана мораторий жарияланған Жер кодексін түсіндіріліп қана қоймай, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға да мән беріледі. Қажетті ақпарат жетпегендіктен түрлі проблемалар туындайды. Сондықтан да қарапайым халыққа Жер мәселесін түсіндіру, осы реттегі олардың да талап-тілегін ескеру қажет, – деді қала басшысы Ермак Бидахметұлы.
Осылайша облыс прокуроры Б.Таимбетовтың төрағалығымен және Семей қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы мен облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшылары кіретін штаб өз жұмысын бастап кетті. Акцияны өткізу барысында прокурорлар қаланың жоғары оқу орындарына, ірі сауда кешендеріне, базарларға, адамдар көптеп жиналатын көшелерге, сондай-ақ, қаланың Холодный ключ, Бобровка, Водное, Восточный саяжайлары, Степное аудандарына, сондай-ақ, Семей қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігіне кіретін ауылдық округтеріне барды.
Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ