Спектр
  • :

ТАЭКВОНДОШЫЛАР БАБЫНДА

26 Мая 2016
Просмотров: 2039
ТАЭКВОНДОШЫЛАР БАБЫНДА
Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында өткен таэквондодан 14 – 15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты мен «Жеңіс Кубогы» Халықаралық турнирінен Семей қаласының  ШҚО мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі таэквандо бөлімінің тәрбиеленушілері кезекті рет жеңіспен оралды.  

 Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың түрінен I орын тұғырынан өз салмақ дәрежелері бойынша Дамир Советхан, Нұралы Оралғазин, Темірлан Серікқанов, Жансұлу Стаханова, Виктор Ли мен Олжас Рафиков көріне білді. Дастан Альчимбаев, Ғали Уайс мен Мөлдір Еңбекшілова  ІІ орынды еншілесе, Аяулым Кремжанова ІІІ орынды қанағат тұтты. 
Енді Дамир Советхан, Майра Ғафурова, Жұлдыз Аманбаева сынды спортшылар Алматы қаласында 19-22 мамыр аралығында өтетін халықаралық турнирде бақтарын сынамақ.
Советхан Махаббат, Майсара Аманбаева, Мұрат Актулиевтердей білікті бапкерлердің ізін басқан жас таэквондошылар жыл басынан бері толағай табыстарға қол жеткізіп үлгерген. 

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA