Спектр
  • :

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Семейде

6 Ноября 2016
Просмотров: 2784
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Семейде

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде 1 қараша күні жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бүгін таңертең Семейге де келіп жетті. 

 

Теміржол бекетінен қалалық әкімшіліктің өкілдері, қоғам қайраткерлері шаһарға ат басын тіреген астаналық делегаттарды зор құрметпен қарсы алды. Келген меймандарға арналып өлеңнен бөрік, жырдан шапан жабылды.



Жиында ең бірінші болып сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қолға алынған бұл патриоттық акцияның маңызы зор екенін айтты. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей дана тұлғалар туған қасиетті мекенге келген қала қонақтарына жылы лебізін білдірді.


Семей өңірі қонақтарын қарсы алу сәтінде сөз сөйлеу мүмкіндігі қалалық мәслихат депутаты Соснина Юлия ханымға берілді. "Ұлтым орыс болғанымен, Отаным – Қазақстан. Елім үшін маңызды іс – мен үшін де маңызды" деген жүректен шыққан жалынды сөздерін тәуелсіз қазақ еліне арнады.


«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясы аясында түрлі мәдени, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық жәрдем көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім-ғылым саласының мамандары тарапынан қажетті кеңестер беріледі қала халқына.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы шарасы қарапайым халық пен биліктің арасындағы алтын көпір іспеттес. Акцияның мақсаты да сол – мемлекеттің егемендік жылдарындағы жетістіктерді, жемісті жұмыстарды көрсете отырып, тәуелсіздік мерекесін халықпен бірге тойлау,қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді бірге шешу,-дейді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.


Әлеуметтік пойыз құрамында 270 маман бар. Оның 72-сі дәрігерлер. Облыстар мен қалаларда, шалғай ауыл-аймақтарда жоқ білікті медицина мамандары Алматы және Астана қалаларының ғылыми зерттеу институтынан келіп, халыққа қызмет көрсетеді бүгін.

Сарыарқа төрінен шыққан отарба Семей қаласындағы жұмысын тәмамдағаннан кейін Дегелең станциясына, Курчатов қаласына ат басын бұрмақ ниетте.

Жібек Серғазы



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA