Спектр
  • :

Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

20 Октября 2016
Просмотров: 2117
Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Семейдегі  №1 емхананың мәслихат залында тұмаудың алдын алудың аса тиімді тәсілі – вакцинация жайында талқыланды. Іс-шараға қатысқан медицина саласының білікті мамандары халыққа екпе жасау науқанын ашық деп жариялады.   

Жиынның діттеген мақсаты - тұмау ауруының алдын алу үшін медициналық көмекке уақытында жүгінудің қажеттілігі туралы халыққа ақпарат беру. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, аталмыш ауруға қарсы мерзімді вакцинация инфекция мен аурудың асқынуының алдын алатын қауіпсіз және тиімді тәсілі болып саналады. Семейдің бірнеше жеке меншік емханаларында орташа бағасы 1800 теңгені құрайтын екпені халықтың 30 пайызына салуды жоспарлап отыр мамандар.

Медицина мамандары тұмауға қарсы вакцинацияны  6 айлық баладан бастап  қарттарға дейін қояды.  Вирустық аурулармен жиі ауратын жандарға, жүкті  әйелдер мен ҰОС ардагерлеріне ұзын сонар кезекті күтудің қажеті жоқ.  Оларға екпе жұмысы бірінші болып жасалады.

Айгерім Айтқазина

 

 

 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?
    Нет, не читаю газеты принципиально
     2935 (90%)
    Да, выписываю / покупаю и регулярно читаю определённые газеты
     100 (3%)
    Да, читаю в Интернете
     82 (3%)
    Да, читаю, если в руки попадётся
     73 (2%)
    Нет, особо не интересуюсь
     52 (2%)
    Читаю бесплатные газеты
     9 (0%)
    Станет еще хуже
     3 (0%)

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA