Спектр
  • :

Швейцария елшісі Семейде

8 Ноября 2016
Просмотров: 1631
Швейцария елшісі Семейде

Семейдегі «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры бүгінде Швейцария елімен тығыз байланыс орнатқан. 5 жыл бойғы әріптестіктің нәтижесінде екі тарап  қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелердің тиімді шешімін қарастырып, қыруар жұмыстар атқаруда. Жыл сайын «Жанұя орталығы» қоры ұжымының жемісті жұмысымен танысу мақсатында келетін Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид биыл да қалыс қалған жоқ. 

Бүгін екі жақтың өкілдері Абай атындағы кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел басында кездесті. Алқалы басқосуда орталықтың 1 жыл көлемінде атқарған еңбектері сараланып, Швейцария елімен бірге жасалған жобалардың жүзеге асу мәселесі талқыланды.

 «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры директорының айтуынша, жыл сайын орталыққа 900-ге жуық көмекке зәру адам қоңырау шалады. Оларға «Жанұя орталығында» құқықтық, психологиялық, материалдық, рухани тұрғыда тегін қызмет көрсетіледі. Сонымен бірге, аталмыш орталықтың білікті мамандары Семей өңіріне қарасты ауыл-аймақтарға барып, қараша халықпен кездесіп, қажетті кеңестер береді. Айта кетейік,  Швейцария елі 5 жыл қатарынан «Жанұя орталығы» қолға алған бірқатар жобаларды қаржыландырып келеді. "Мәселен,  жуырда елшіліктің қаржылай жәрдем етуімен ересектер мен балаларға арналған тігін тігу үйірмесі ашылды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізуде",- дейді орталық директоры Людмила Асташкина.

Жібек Серғазы


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA