Спектр
  • :

ШҚО сәулет-құрылыс басқармасына Димитрий Гариков тағайындалды

26 Октября 2016
Просмотров: 1784
ШҚО сәулет-құрылыс басқармасына Димитрий Гариков тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Димитрий Гариков ШҚО сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бүгін жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димитрий Александрович Гариков 1975 жылғы 9 маусымда туды. «Құрылысшы технолог» мамандығы бойынша Семей құрылыс техникумы және «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ тәмәмдаған. 

Ол еңбек жолын Бородулиха ауданында 1998 жылы «Тұрмыс қызметі» АҚ-да жұмысшы болып бастады. Сосын май құю бекетінде меңгеруші, аудан әкімі аппаратының бас маманы болды.

2002-2006 жылдары - «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көп салалы кәсіпорнының бастығы, 2006-2009 жылдары ауданның ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2010 жылға дейін Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2011-2013 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. 

2014 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы қыркүйек аралығында ШҚО әкімі орынбасарының ТКШ және құрылыс мәселелері саласындағы орынбасары болып жұмыс істеді.

 



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA