Спектр
  • :

Семейлік ару әлемдік тәжді иемденді

9 Ноября 2016
Просмотров: 1230
Семейлік ару әлемдік тәжді иемденді

Ағымдағы жылдың 2-сі мен 6-шы қарашасы аралығында Астана қаласында Астана қаласы әкімдігі, Пьер Кардэн Сән үйі, «Ералаш» кино-журналының қолдауымен «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» Сән және сұлулық фестивалі өтті. 

Жыл сайын бұл байқау Еуропа мен ТМД елдерінде ұйымдастырылатын еді. Тіпті соңғы жылдары, яғни гранд-финал АҚШ-та, Италияда, Францияда, Корея мен Вьетнамда өтіп келген болатын. Биыл  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында келісім беріліп,  Астана қаласында байқауға әлемнің 20-дан астам елінен қатысушылар қатысып бақтарын сынады.  

Байқауға  Семей жерінен 19 өнерпаз қатысып намысты қолдан бермеді. Барлығы дерлік жүлдемен оралды десек артық емес, оның ішінде топты жарып шығып, әлемді мойындатқан қалалық мәдениет сарайының атынан қатысқан ару Құмарова Назым  әлемдік тәжді иемденді.

Фестивальдің басты сыйлығы  ретінде сән және таланттар фестиваліне Парижге жолдама, 1 аптаға  Мәскеу қаласына жоғарғы сән үлгілеріне сертификаттар берілді. 

Динара Ерболқызы



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA