Спектр
  • :

Семейде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 97 %-ды құрады

2 Ноября 2021
Просмотров: 297
Семейде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 97 %-ды құрады
Осы және басқа да мәліметтер қалалық әкімдік отырысында "Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы" мәселе бойынша айтылды.


Тіл саясаты саласында өңірді дамыту ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Семей қаласы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатының 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену үшін қаланың барлық тұрғындарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында 2013 жылдан бастап "Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы" КММ жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында орталық базасында мемлекеттік тілді 719 адам, ағылшын тілін - 269 адам, орыс тілін - 236 адам оқыды. Ағымдағы оқу жылында қазақ тілін - 279 адам, орыс тілін - 103 адам, ағылшын тілін - 89 адам оқуда.

Қалада тұратын этностар өкілдерінің тілдерін оқыту бойынша Тілдерді оқыту орталығының базасында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылында жексенбілік мектепте татар тілін - 30, неміс тілін - 19 және орыс тілін - 16 адам оқиды.

«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы ұлттық - тілдік ахуал туралы» әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 96%-ды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 7,9% - ды, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі 7% - ды құрады.

Қала тұрғындары мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған республикалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына түрлі этнос жастарының 20 өкілі қатысты. Облыстық «Тіл шебері» байқауында 3 орынды №3 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Баян Төлегенова иеленді. Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған "Тіл байлығы – Тәуелсіздік кепілі" облыстық челленджінде ШҚО ХҚКО Семей филиалының №2 бөлімшесі 3 орын алды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқауда 1-орынды Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының мамандарынан құралған «Алаш» командасы иеленді. Облыстық «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауында педагогикалық колледждің 3 курс студенті Мария Ягель 2 орын алды.

Сонымен қатар, тоқсан сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына мониторинг жүргізіледі. Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2020 жылы 95% – ды, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 97% - ды құрады.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Қала тұрғындарынан сауда және қоғамдық көлік нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі бұзушылықтар туралы көптеген шағымдар келіп түсуде. Атап айтқанда, «Профкрепеж» дүкенінде тіл туралы заңнама талаптарын сақтамау туралы өтініш келіп түсті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары аталған дүкенге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған бұзушылықтар заңнама нормаларына сәйкес жойылды.

Осындай бұзушылықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында «Тіл қорғандары» еріктілер тобы құрылды. «Тіл қорғандары» еріктілер тобының құрамына қоғамдық белсенділер, жастар орталықтарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқа да белсенділер енгізілді. Олардың ішінде: Орал Шәріпбаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, Антонина Клиновицкая Семей Орыс әлеуметтік-мәдени орталығының басшысы, Лилия Гончарук ШҚО «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің басшысы, Аркадий Резник  «Бокер» еврей мәдени орталығының басшысы және басқалар бар.

«Тіл қорғандары» волонтерлік тобы бұзушылықтар анықталған кезде қоғамның түрлі салаларында мемлекеттік тілді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Мысалы, «Сауатты жарнама» акциясы аясында еріктілер тобы қаланың 300 шағын және орта бизнес субъектісіне мониторинг және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шамасы, олардың жұмысы өз нәтижелерін беруде. Қалай болғанда да, қала билігі заң бұзушыларға қатысты қатаң заңнамалық нормаларды ешқашан қолданбаған. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптар бұзылған кезде ескерту жасауға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімдік отырысында қала басшысы Бақытжан Байахметов Достоевский мұражайы экспонаттарының жай-күйін сұрады. Ол онда бар тарихи құнды туындылар мен басқа да экспонаттарды цифрлау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жұмысының тағы бір жауапты бөлімі ономастикамен байланысты. Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 2020 жылы Цементная көшесі Мұратхан Бейсембаев көшесі болып қайта аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі қаулысымен қаланың алты білім беру мекемесіне және халықаралық әуежайға танымал тұлғалардың есімдері берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қарағайлы шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

№1 Балалар музыка мектебіне Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазіргі кәсіби музыканың негізін қалаушы, композитор Латиф Хамидидің есімі берілді.

Ономастика саласындағы проблемалардың бірі көшелердің аншлагтарын ауыстыру болып табылады. 2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көшелердің аншлагтарын жазу және орналастыру бойынша бірыңғай үлгі әзірледі. Осы үлгі бойынша 2017-2018 жылдары 12 көше өзгертілді. Олар: Қайым Мұхамедханов, Мәңгілік ел, Әзілхан Нұршайықов, Жібек Жолы, Ардагерлер және т.б. көшелер. Семей көшелерінің басым бөлігіндегі аншлагтарды ауыстыру айтарлықтай қаржыландыруды талап етеді. Экономикалық есеп бойынша 1 аншлаг шамамен 3 мың теңге тұрады.

Сонымен қатар, Қазақстанда ана тілін дамытатын белсенділерді «Ана тілін дамытуға үлес қосқан үшін» төсбелгісімен марапаттайтын болады. Осы жылдың соңына дейін Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті осы белгінің алғашқы данасын дайындауды жоспарлап отыр.

 



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?
    Нет, не читаю газеты принципиально
     2937 (90%)
    Да, выписываю / покупаю и регулярно читаю определённые газеты
     101 (3%)
    Да, читаю в Интернете
     85 (3%)
    Да, читаю, если в руки попадётся
     76 (2%)
    Нет, особо не интересуюсь
     53 (2%)
    Читаю бесплатные газеты
     10 (0%)
    Станет еще хуже
     3 (0%)

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA