Спектр
  • :

Семейде тәулік бойы адасып жүрген малшы құтқарылды

16 Ноября 2016
Просмотров: 1363
Семейде тәулік бойы адасып жүрген малшы құтқарылды
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, мал қараймын деп 14 қараша күні үйінен шығып кеткен азамат адасып кеткен, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Абырой болғанда бір рет қоңырау шалып үлгеріпті. Сол күні құтқарушылар да іздеуге шыққанмен, күн райы бұзылып, алай-түлей боран соғып кеткен.

12 сағаттан кейін Қыземшек ауылынан 15 шақырым жерде 50 жастағы тұрғын табылды. Оның қасында ірі қара мал да болған.

Малшы бір тәулікке жуық уақыт нәр татпапты. Бірақ медициналық жәрдемге мұқтаж емес екендігін айтқан. Семейлік құтқарушылар азаматты үйіне жеткізді. Қазір аймақта ауа райы 30 градусқа дейін төмендеген.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Фото: 24.kz

Дереккөз: Zakon.kz


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA