Спектр
  • :

Семейде суға кеткен сәбидің анасы ұсталды

25 Октября 2016
Просмотров: 1520
Семейде суға кеткен сәбидің анасы ұсталды

Таң атысымен Семей құтқарушылары түнде Ертіс өзеніне батып кеткен бір жарым жасар қызды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖ департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

"Бүлдіршіннің денесі табылғанша, іздеу жұмыстары жалғасады" деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері. 

Семей қаласының полициясы сәбидің анасына қатысты ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша ашық қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Бөбектің анасы - 1994 жылы туған жас әйел екен, ол ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

Айта кетейік, түнгі үште Мирный ауылы маңындағы өзенге бір жарым жасар қыз бала батып кетті. Сол мезетте баланың анасы қасында болған.



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA