Спектр
  • :

Семейде ұрлық өршіп тұр

21 Октября 2016
Просмотров: 1743
Семейде ұрлық өршіп тұр

Семейде жеке мүліктерді тонау әрекеттері өршіп тұр. Соңғы 9 айдың ішінде қалада 4758 ұрлық жасау фактілері тіркелген.  Оның дені пәтер тонау, қалта ұрлығы және автокөлікке қатысты қылмыстар. Бұл туралы бүгін Ішкі Істер Басқармасында өткен брифингте айтылды. Семейдің тәртіп сақшылары үшін тонау қылмысының алдын алу өзекті мәселеге айналған. Себебі, биылдың өзінде 100-ге тарта алаяқтық әрекет әшкере болыпты. Гаражда немесе үй аулаларында тұрғанкөліктердің ішкі-сыртқы заттарын тонауды кәсіпке айналдырғандар жетерлік.

Қала тұрғындарының жекеменшік заттарын жымқырып кететін қаскөйлердің әрекеттеріне тәртіп сақшылары тосқауыл қойып келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін ұрлық-қарлық жиі орын алатын аумақтарды полиция қызметкерлері үнемі басты назарда ұстап жүргенін, қылмыспен күресудің жолдарын қолданатынын айту маңызды. Мәселен, 18 қазан күні Семейдегі Түркісіб көшесінде орналасқан үй аулаларының бірінде темір тұлпардың ішкі және сыртқы заттарын жымқырмақшы болған 2 алаяқ ұсталды. Екеуі де 1994 жылы туған қала тұрғындары. Тексеру барысында күдікті екі азаматтың бұдан бұрын да ұрлық қылмысына қатысты екені анықталды.

Осы дәйек бойынша ҚР ҚК-нің 188-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осы уақытқа дейін ұрлықпен айналысып келген екі қаскөй 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге тергеу амалдары жүргізілуде.

Жібек Серғазы


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA