Спектр
  • :

Семей - жарқын таланттар отаны

19 Октября 2016
Просмотров: 2447
Семей - жарқын  таланттар  отаны

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінде   ҚР тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған  «Семей  - жарқын  таланттар  отаны» атты көрме ашылды.  Көрмеде Семей өңірінен шыққан 73  жарқын дарын иесінің   фотосуреттері, құжаттары, еңбектері,  жеке заттары  қойылды.  Шараның мақсаты  өлкемізді талант иелерінің шығармаларының руханилығын  өскелең ұрпаққа  насихаттау  және музей қорын толықтыру.


Шараға қала әкімшілігінен  Семей өңірінің  ақын-жазушылары,  музей әріптестері, зиялы қауым  өкілдері,   сондай-ақ,  асыл талант   иелерінің   жақындары қатысып, көрмеге  дарынды тұлғалардың жәдігерлерін табыстады.

Теміржан Базарбаевтың жұбайы мұражайдың  мұндай шара ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдіруде. Өкінішке орай жолдасы Теміржан Базарбаев суретке көп түспеген екен. Сондықтан,табылған некен-саяқ фотоларды музей қорына алып келген. 



Ал,Бекен Жамақаевтың қарындасы Бейбітгүл  Жамақаева болса  талантты сазгердің  фотосуреттерін, өзі ойнаған күй сандығын мұражай  қорына табыстаған. 

Айта кетейік, көрме  2 ай көлеміне созылмақ.  Осындай көрмелер  музей қорында  сақталған  жәдігерлердің тарихи құндылығын аңғартады. Сондықтан да  мұражай  қызметкерлері  музейге келушілердің қызығушылын арттырады деген сенімде. 

Рүстем Мұхамет-Рахым               

 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA