25 шілдеде ауылдық округ әкімдерін сайлауы өтеді
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 14 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталмақ. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев дайындық барысы туралы айтып берді.
- Мамыр айында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Конституциялық заңына ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу жөніндегі заң жобаларына қол қойды. Жұмыс енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізілуде. Жалпы біздің өңірлік комиссияның құрамына 14 ауылдық және кенттік округ кіреді. Әкімдікке кандидаттарды Саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсына алады. Сондай-ақ, ниет білдіруші өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсына алады. Бүгінгі таңда біздің қаламызда "Қазақстанның Халық партиясы", "Жалпыхалықтық әлеуметтік-демократиялық партия", "Nur Otan" және "Ауыл" 4 партиясы тіркелген. Бірақ өз кандидаттарын - "Nur Otan" және "Ауыл" партиялары ғана ұсынған", - деді Зейнолла Тоқаев.
Сайлау науқанының мерзімі 30 күнді құрайды. Биыл сайлау жергілікті мектептер мен мәдениет үйлері негізінде оффлайн форматында өтеді.
Семей қаласының ақпараттық орталығы