
Жарық қаланың 120 көшесіне орнатылды. Жыл соңына дейін жарық шамдары мүлдем жоқ қосымша 50 көше жарықтандырылады.
Қазіргі уақытта Семей қаласының әкімдігі көшені жарықтандыруды жаңғыртудың 2-ші кезеңі бойынша жұмыстарға дайындықты бастады.
Көшені жарықтандырумен қамтуды ұлғайту үшін жобаның резервтік сомалары есебінен «Everlight» компаниясымен жасалған қолданыстағы келісімшартты кеңейту шеңберінде 2022 жылы қосымша іс-шараларды іске асыру туралы мәселе пысықталуда.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов түрлі саланың жауапты қызметкерлерімен бірге бірнеше күн бойы Семейдің ондаған көшелерін аралады. Көшелердің жай-күйі, үйлердің саны, онда тұратын тұрғындардың шамамен саны, мектептерге кірме жолдар мұқият зерделенді. Жедел кеңес барысында 2 мың жарықдиодты шамдарды монтаждау, тіректерді, оқшауланған сым және басқару шкафтарын орнату үшін ұзындығы 80 км асатын және қаланың 2 шағын ауданын толық қамтитын 50-ден астам көшенің қосымша тізімі анықталды. Жарықтандыруды орнатуға арналған тізімге Матяша, Ильяшев, Автономная, Ақкөл, Зайсан, Курчатов, Радищев көшелері және Комсомол, Таткрай, Казкрай, Шығыс және Затон ауданындағы көшелер кірді.
Аталған іс-шаралардың болжамды құны 616 млн.теңгені құрайды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Еуропа Қайта Құру және даму банкінің қосымша кредиттік қаражатын және бюджеттік қоса қаржыландыруды тарта отырып, 2023-2024 жылдар кезеңінде жобаның 2-фазасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленуде. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ұлыбританияның астанасы Лондонда осы жоба бойынша табысты келіссөздер жүргізді.
Жобаның осы кезеңі аясында 8 мың шам орнату жоспарлануда, осылайша Семей қаласының көшелерін жарықтандыру жүйесін толық жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
ФОТО: skyscrapercity.com