
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салым аш та, сыйлық ал! Бүгін Бүкіл әлемдік жинақтау күніне орай "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" осындай науқан жүргізіп, ашық есік күнін өткізді.
Ағымдағы жылдың 31 қазанынан бастап, 4 қарашасына дейін салым ашқан клиенттерді кепілдік сыйлықтар күтеді. Ол 5 қараша күні сағат 12.00 де банктің барлық филиалдарының бас кеңселерінде өтеді. Басты сыйлық ретінде тұрмыстық техника жабдықтары ұсынылмақ. Сонымен қатар, банк қызметкерлері тұрғындарды әлеуметтік желіде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде науқан өткізілген күндері түсірілген фотолар арасында, жарысқа қатысуға шақырады. Суретті салған күнімен ЖССБК хештегімен жариялап, барынша көп лайк жинаған сайыскерге бағалы сыйлық тарту етіледі.
Айта кететін жайт, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі былтырғы жылы 31 қазанда депозит ашқан және сыйлық ретінде жинақ сандықша алған салымшыларды да шақырады. Бір жылдың ішінде өз жинақ сандықшаларында жинаған қаражаттарын Банк клиенттері салтанатты түрде депозиттеріне сала алады.
Бүгінгі таңда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" еліміздің талай халқын түрлі бағдарламалар арқылы баспана иесі атануға көмектесуде. Банк ай сайын Қазақстанның әрбір өңірінде көпқабатты үйлерді қолданысқа беріп, басты мақсатына жетіп жатыр. Өзге банктермен салыстырғанда, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" пәтерлерінің бағасы қолжетімді және сапасы да жоғары. Банк қызметкерлері шаңырақ иесі атанамын деушілерді, армандарына қол жеткізу үшін салым ашуға шақырып жатыр.
Айгерім Айтқазина