Спектр
  • :

Салық кодексіне өзгертулер енгізілмек

4 Ноября 2016
Просмотров: 1921
Салық кодексіне өзгертулер енгізілмек

2017 жылдан бастап Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы бүгін Семей қаласындағы кірістер басқармасында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

Бұрнағы жылдары патент жүйесі бойынша 1 мыңнан аса қызмет түрлері бар еді. Енді келер жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес, қызмет түрлері 32 түрге қысқармақ. Бұл қызмет түрлерінің ішіндегі жеке кәсіпкерлер ғана патент жүйесінде жұмыс істеуге құқылы. Ол үшін жеке кәсібі бар азаматтар осы жылдың 31 желтоқсан айына дейін кірістер басқармасы басшылығы атына өтініш жазулары қажет. Салық төлеуші тарапынан мұндай өтініш берілмеген жағдайда, олар үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы салықтық режімге ауыстырылатын болады.

Қаладағы салық төлеушілер, жеке кәсіпкерлер, кірістер басқармасының мамандары жиналған басқосуда республика көлемінде бастау алған «Түбіртекті талап ет те, жүлде ұтып ал» акциясы жайында да кеңінен түсіндірілді. Жыл сайын өтетін акция ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 15 желтоқсан айлары аралығын қамтиды. Акция азаматтардың тауар сатып алу және қызмет көрсету барысында тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауы бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған қазақ елінің барлық азаматтары қатыса алады. Ол үшін белгілі бір тауар сатып алып, сатушыдан түбіртек талап ету қажет. Берілген түбіртектің суреті «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жолданады. 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA