
Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Даниял Кенжетайұлының бүгінгі сапары да әдеттегідей үлкен жоспарларға толы. Олардың алғашқысы және жауаптысы – Семей әуежайның салтанатты ашылу рәсімі. Естеріңізге сала кетсек, Семей әуежайының директоры Нұртай Оспанов: «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жөндеу жобасы 22 айға лайықталғанын, барлық талаптардан өткен соң халық игілігіне беріліп, Семей халықаралық тасымалда маңызы бар жол айрығы болып саналатынын мәлімдеген болатын. Айтулы шараға облыс әкімі арнайы келіп, қала халқын салтанатты ашылу рәсімімен, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.