Спектр
  • :

Қоғам қайраткері тұрған үйге тақта орнатылды

25 Октября 2016
Просмотров: 2687
Қоғам қайраткері тұрған үйге тақта орнатылды

Семей қаласындағы Шайжүнісов көшесінде орналасқан №129 үйде еліміздің беделді, абыройлы азаматы Екейбай Қашағановқа арналған ескерткіш тақта орнатылды. Ұлы Отан Соғысының ардагері Ғабдулғазиз Ахмиров халыққа еңбегі сіңген азамат Екейбай Қашағановты аса құрметпен еске алып, салттанатты түрде ескерткіш тақтаның бетін ашты.

Екейбай Қашағанов-экономика ғылымының кандидаты. Ол бірнеше жылдар бойы осы шаңырақта тұрып, қоғам үшін талай жұмыс атқарған. Салтанатты жиынға қаланың мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және Екейбай Қашағановтың балалары мен туыстары қатысты.



«Алматы облысы Қордай ауданында туған Екейбай Қашағанов қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер бірнеше рет парашуттан секірді»,- дейді Қашағановтың замандасы Ғабдулғазиз Ахмиров.

Шара соңында Екейбай Қашағанов рухына арнап құран бағышталды. Ақ дастархан басына жиналған көпшілікке, шара меймандарына мемлекет қайраткерінің балалары зор алғысын  білдірді. Семей қаласына зор еңбегі сіңген азаматтың аты қазақ халқы жүрегінен ешқашан өшпесі анық. 

Айгерім Айтқазина


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA