Спектр
  • :

Неміс тіліне жастардың қызығушылығы артып келеді

29 Октября 2016
Просмотров: 2097
Неміс тіліне жастардың қызығушылығы артып келеді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Возрождение»  неміс мәдени орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті.  Жиынға қаладағы орта және жоғары білім беретін оқу орындарының шет тілі мамандары мен оқушылары, осы орталықпен тығыз қарым-қатынас орнатқан мектеп директорлары, сонымен бірге «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті мен достық үйінің басшылығы қатысты. Басқосуда Қазақстанда неміс мәдениетінің танымалдығы мен сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттегі неміс этносының, оның ішінде балалар мен жастардың білім деңгейін көтеру, неміс тілді елдермен жан-жақты ынтымақтастықты арттыру жайында сөз болды. 



Кеңес Одағы тұсында неміс тілі мектеп қабырғаларында кеңінен оқытылғанымен, қазіргі заманда ағылшын тіліне төтеп бере алмады. Десек те, неміс тіліне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 180-нен астам неміс ұлтының өкілдері тұрады. Олар қоғамның ажырамас бір бөлшегіне айналды»,-дейді Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілі Хайрикх Лангиман.

Неміс орталығының ұйытқы болуымен қалада бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Олардың басым көпшілігі тіл білімі, әлеуметтік жұмыс және жастарды қолдау шаралары.

Қазіргі таңда Семейде неміс тілін үйрететін үйірмелер мен клубтар, жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Сондай-ақ, жуырда  қаладағы №43 мектеп базасы негізінде неміс тілін үйрету орталығы ашылған болатын.

Жібек Серғазы

 

 

 

 

 

 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA