Спектр
  • :

Мәдениет сарайының мерейлі мерекесі

20 Октября 2016
Просмотров: 2428
Мәдениет сарайының мерейлі мерекесі
Биыл Семей қалалық Мәдениет Сарайының іргетасының  қаланғанына 65 жыл  толып отыр. Бір  адамның  бүтіндей  ғұмырына татитын  жылдар  белесінде осынау  өнер ордасы қаланың өмір тарихында өзіндік орны бар ыстық мекенге айналды. Өйткені, мұнда  Семейдің, тіпті облысымыздың  атын  шығарып  жүрген таланттарды тоғыстырған 22 өнер  ұжымы қатарлас  еңбек  етеді. Әнші де, ақын да, биші де, күйші де дәл осы жерден табылады. Күнделікті тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан өнер ордасында бүгін дүркіреген той болып жатыр.

Жарты ғасырдан аса тарихы бар бұл қара шаңырақтың мерейлі мезетіне қуаныштарын бөлісуге қала халқы мен Қытай халық Республикасының Шыңжаң өлкесінен келген қонақтар және  облыс басшысының орынбасары, шаһар басшысы келіп, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында мәдениет сарайы жайында түсірілген деректі фильмнің аудио-бейнесі мен журналдары  табысталды.

Семейді қазақтың дәстүрлі ән мектебі тұнған өңір деп санасақ, соның айқын көрінісін де осы Мәдениет сарайында өтетін концерттерден, түрлі өнер кештерінен анық байқайсыз. Бұдан бөлек Болат Сыбанов, Мәдениет Ешекеев, Келденбай Өлмесеков, Тұрсынғазы Рахимов сияқты атақты әншілердің даусы қалықтаған қалада таланттар легі әлі де толастамайтынына күмән жоқ.Бүгінгі кеште өмірден озса да артына мол мұра қалдырған Санақ Әбеуов, Рақымбек Ноғайбаевтың және Тұрсынғазы Рахимовтың жұбайлары сахна төріне құрметпен шақырылып, ықыласқа бөленді. 

Қалалық Мәдениет сарайының тарихы тереңде жатыр. 1951 жылы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен қаладағы кішігірім клубтарды орталықтандыру мақсатында бұрынғы Урицкий көшесі, 12 мекенжайда қалалық Мәдениет үйінің ғимараты салынып, ел игілігіне пайдалануға берілген екен. Арада отыз жылға жуық уақыт өткенде, яғни, 1980 жылы Семейдегі мәдениет ошақтары орналасқан өнер орталығы ескі театр үйіне көшірілген. Осылайша үлкен қара шаңыраққа айналған мәдениет үйі бүгінде бүтін бір елдің мәдениеті мен әдебиетін асқақтатып отыр.  






Динара Ерболқызы

 


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA