Спектр
  • :

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

19 Мая 2016
Просмотров: 2244
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Өткен жұмада Cемей қаласына «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының хатшысы Наталья Годунова жұмыс сапарымен келіп, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы Семей филиалының, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының өкілдері бірлесіп өткізген «Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбы бойынша  ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты. 

 Жиынға сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы филиалының, Семей қаласының  іскер әйелдері ассоциациясының өкілдері және «Даму» кәсіпкерлік қоры АҚ өңірлік филиалы мен Кәсіпкерлік палатасы филиалының жетекшілері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер, банк басшылары және қоғамдық бірлестік өкілдері де қатысты. 
 – Аталмыш бағдарламаның мақсаты – аймақтардағы кәсіпкерлікті дамыту. Дегенмен, банктердің несиесін кепілдендіру мен субсидиялау бойынша «Даму» қоры тарапынан түрлі қолдау болғанымен, кейінгі кездері көптеген бизнес-жобалар тұралап қалған. Оған басты себеп – банктер пайыздық үстемені көтерген. Қаржы мекемелерінің қызметтеріне қолжетімділікті арттыру үшін, ағымдағы жылдың сәуір айында бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Осының арқасында екінші деңгейлі банктер қайта өңдеу, көлік, жүк және жолаушылар тасымалы мен азық-түлік өндірісіне қатысты жобаларды қаржыландыруға белсенділік таныта бастады. Айта кетерлігі, Семейде жыл басынан бері 13 жоба мақұлданған. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер бұл көрсеткіштің еселеп артуына ықпал етпек, - деді өз сөзінде Анжела Маслова.
Шаһарамызға арнайы атбасын тіреген Наталья Годунова партияның сайлауалды тұғырнамасы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына тоқталып, оған сәйкес алдағы бес жылда Қазақстан экономикасының болашақ қозғаушы күшіне айналуы тиісті аграрлық секторға айрықша назар аударылатынын жеткізді. Сонымен қатар елімізде ерекше алаңдаушылық тудырып отырған Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы да түсіндіріп өтті. Наталья Годунованың айтуынша, Жер кодексіне енгізілген өзгертулер ауылшаруашылығын дамыту мақсатында қабылданған. Осы ретте партия хатшысы Қазақстан азаматтарына қаржыны он жыл мерзім ішінде бөліп төлеу бойынша жерді сатып алуға құқық берілетінін де айтып өтті. 
Айдана МАҒЖАН



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA