Спектр
  • :

Үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

4 Ноября 2016
Просмотров: 5155
Үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті қабырғасында қалалық үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті. 


Форумға үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін үкіметтік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары  шақырылды. Форум барысында  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды. Форумға қатысқандардың бірі «Ақылдастар алқасының» төрағасы Сағындық Бейсенбаев. Айтуынша, қалада атқарылатын қандай да бір әлеуметтік шаралар немесе жобалар әкімшілік тарапынан үнемі қолдауға ие болып, жүзеге асып келеді.


Ал, осы басқосуға қатысқан Семей қаласындағы «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының Президенті Жанна Жыбраева бұл жиын негізінен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатымен өткізілгендігін айтты. Сондай-ақ, форум тәжірибе алмасуға, әлеуметтік маңызы зор бағдарламаларды іске асыруға, әлеуметтік серіктестікті нығайтуға бағытталды. Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Алайда оның тек 50 пайызының ғана жұмысы көңіл көншітерлік.


Форум барысында үкіметтік емес ұйымдардың жылдық жұмысының қорытындысы жасалып, алдағы уақытта жасалатын жұмыстар төңірегінде сөз қозғалды. Алқалы жиынға қатысушылар тарапынан тың идеялар ортаға салынды. Бүгінгі шарада бас қосқан үкіметтік емес ұйым өкілдері енді жыл соңына дейін ұйымдастырылатын облыстық, одан кейін республикалық форумда кездесетін болады. 



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:
Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA