Спектр
  • :

Көкек әкелер көбейіп келеді

10 Ноября 2016
Просмотров: 2262
Көкек әкелер көбейіп келеді

Бүгінгі таңда қоғамда алимент алуға мәжбүр болып отырған мыңдаған бала, сот орындаушыларына жалтақтаған қаншама ана бар. Өткен жылмен салыстырғанда биыл алимент төлеуден жалтарып жүргендердің тізімі ұзара түскен.


Борышкерлердің бірі жұмыс орнын, енді бірі алатын тиісті жалақысын жасырып әлек. Өз туған баласын материалдық тұрғыда қамтамасыз етуден қашып жүрген безбүйрек әкелермен күрес сот орындаушылардың басты назарында. Қазір бұл бағытта Семей аумақтық мемлекеттік сот орындаушылар бөлімі бірқатар жұмыстарды атқарып келеді. Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, олар алиментті өндірудің түрлі жолдарын алға тартуда. Мәселен, алимент төлемеген әкенің есепшотын жауып, шетелге шығу сапарын шектейді. Тіпті қалта телефонына ақша аудартпай қояды.


Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша жыл басынан бері 3293 алимент өндіру туралы іс тіркелді. Оның тек 167-сі ғана орындалды,-дейді мемлекеттік сот орындаушысы Ернар Тлеубердиев.

 

Алимент төлеуден бас тартып, жасырынып жүрген көкек азаматтар үшін заң да бар, талап та бар. Жұмыссызбын деп сылтаурататын әкелерге «Жұмыспен қамту» орталығы арқылы еңбек етіп, алимент берешегінен құтылуды талап етуде құзырлы органдар. Заңға бағынбағандарға 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданыла бастады. Сонымен қатар, көлігі бар борышкерлер жүргізуші куәлігінен қағылып жатқан жайы бар. Адам тұрмақ, төрт түліктің өзі төлінен безінбейді. Ендеше, бауыр етің – балаңнан безіну – адами тұрғыда төмен дәрежеге дейін құлдыраудың белгісі.

 

Жібек Серғазы 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA