Спектр
  • :

Интернационал емес- Қайым Мұхамедханов көшесі!

20 Октября 2016
Просмотров: 4822
Интернационал емес- Қайым Мұхамедханов көшесі!

Еліміз  егемендігін   алған  күннен   бастап   біршама қала көшелерінің атаулары өзгертілді. Қазақ еліне ерен еңбек сіңірген нар тұлғалардың есімдері берілген көшелер бар. Десек те, Семей шаһарында  қазақыланбай  отырған  немесе елдің даму жолында өлшеусіз үлес қосқан ерлердің есімдері берілмеген  көше  атаулары  жетерлік.  Мәселен, ұлт жанашыры, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың есімімен жазылған көше әлі күнге дейін жоқ.  Бұған дейін Абайтану ғылымының негізін қалаған көрнекті ғалымның 100 жыл толуына орай Семейдегі «Интернационал» көшесін өзгертіп, Мұхамедхановтың есімі берілетіні айтылған еді жиындарда. Алайда, бүгін  депуттар мен зиялы қауым өкілдері, білім беру саласының мамандары бас қосқан жиында құзырлы орган  абайтанушы Мұхамедхановқа қаладағы шағын көшелердің бірі – «Шмидта»  көшесін беруді  жөн деп тапқан.  

Бұл қалың бұқара үшін күтпеген жаңалық болды.  Көше атауларын өзгертумен айналысатын тиісті мамандардың шешімімен келіспеген жұрт өре түрегелді.  Белгісіз себептермен шешімін өзгерткен    құзырлы билікке  қараша халық тарапынан сауалдар оқша жаудырылды.   

Жиналған   қауымның   наразылығын байқаған  билік өкілдері  бұл мәселені кейінге шегерді. Енді  мерейтой иесінің есімін  «Шмидта» көшесіне  емес,  «Интернационал»   көшесіне   беруді  жоспарға қоймақ.

 Қала тұрғындары  да  шаһар  орталығындағы  бас көшені  саналы ғұмырын   Абай мен оның шәкірттеріне   арнаған  жанға  берілгендігін құба-құп көреді.

Күн тәртібінде   көтерілген   тағы  бір  мәселе  - бұл қаладағы   Дальняя  ауданындағы  «Дальняя»  көшесінің атауын өзгертуге  арналды.  Құзырлы орган өкілдері бірауыздан бір шешімге келіп, жоғарыда аталған көшені  Кеңес  Одағының   батыры  Закария  Белібаевтың  есімімен атауды  ұсынды.  Закария Белібаев  1917 жылы 9 мамырда   Абай  ауданында дүниеге келген.   Ел үшін кеудесін оққа тосқан батыр  көше атауын  алуғ а лайықты екенін айтады тұрғындар.  Бұған қоса, алқалы жиын барысында  Семей  қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова  «Ленин»  көшесі  «Алаш» қозғалысының жетекшісі,   көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов атымен алмастырылатынын  хабардар етті.

Рүстем Мұхамет-Рахым

      



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA