
Қазақстан Инновациялық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде «Экономикалық тұрақсыздық жағдайы шартында есептік – қаржылық мәселелер және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
6 секция бағыттары бойынша жұмыс жасаған жиында Алматы, Астана және басқа қалалардан бөлек Қытай, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттерінің ғалымдары ат салысқан 120-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалар қаралды.
Пленарлық отырыс университет президенті Нәдірбек Әпсәлемұлы Әпсәлемовтің құттықтау сөзімен басталып, конференцияның өтудегі мақсаты баяндалды. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында есептік – қаржылық салаларда орын алған мәселелерді талқылап, жетілдіру жолдарын ұсыну, ғылым мен өндіріс арасын жақындастырудың кеңістігін қарастыру.
Конференция қорытындысында барлық секциялар бойынша тұжырымдамалар жасалып, ортақ қарар қабылданды. Сондай-ақ, өндірістік тәжірбие бойынша Астана қаласының «Аудит және бағалау орталығы» ЖШС-мен шығармашылық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.