Спектр
  • :

Экономика мәселелері халықаралық конференцияда қаралды

26 Октября 2016
Просмотров: 2115
Экономика мәселелері халықаралық конференцияда қаралды

Қазақстан Инновациялық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде  «Экономикалық тұрақсыздық жағдайы шартында есептік – қаржылық мәселелер және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

6 секция бағыттары бойынша жұмыс жасаған жиында Алматы, Астана және басқа қалалардан бөлек Қытай, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттерінің ғалымдары ат салысқан 120-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалар қаралды.
Пленарлық отырыс университет президенті Нәдірбек Әпсәлемұлы Әпсәлемовтің құттықтау сөзімен басталып, конференцияның  өтудегі мақсаты баяндалды.  Экономикалық тұрақсыздық жағдайында есептік – қаржылық салаларда орын алған мәселелерді талқылап, жетілдіру жолдарын ұсыну, ғылым мен өндіріс арасын жақындастырудың кеңістігін қарастыру.

Конференция қорытындысында барлық секциялар бойынша тұжырымдамалар жасалып, ортақ қарар қабылданды. Сондай-ақ, өндірістік тәжірбие бойынша  Астана қаласының «Аудит және бағалау орталығы» ЖШС-мен шығармашылық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Динара Ерболқызы 


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA