Семейге келіп жеткен "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеӊестер берілді. Мәселен, пойыз жетекшілері бастаған бір топ Семейдегі "Достық үйіне" келіп, алдымен тынысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы" елордадан еліміздің барлық өңірлерін аралауға аттанған еді. Пойыз 43 күн ішінде Қазақстаннныӊ 35 елді мекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласында жұмысын аяқтайды деп жоспарлануда. Бүгін алтыншы күн алтыншы қала Семейге ат басын тіреп отыр.
Іс-шара барысында зиялы қауым бүгінгі таңдағы қазақ елінің тағдырын, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, рухани құндылықтарын талқылап, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ортаға салды. Қазақстанды аяғына нық тұрғызу үшін бірліктің, тұрақтылықтық пен келісімнің қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, академик, профессор, философ және «Нұр Отан» Әлеуметтік болжам және талдау орталығының директоры Қазбек Қазкенов жастарға үлкен сенім артатындығын айтты. Еліміздің әрбір азаматын ұлтшыл болуға шақырып, патриоттық сезімін ояту керектігін жеткізді.
Пойыз қызметі аясында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, әлеуметтік аз қамтылған топтарға, ҰОС ардагерлеріне, еліміздіӊ шалғайындағы тұрғындарға ерекше көӊіл бөлінеді. Республикалық әлеуметтік акцияныӊ мақсаты - Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыӊ басшылығымен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрсету, халықтыӊ бірлігін нығайту, мемлекет дамуыныӊ негізгі қағидаттары аясында қоғамды біріктіру, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет көрсету.
Шығыс өңіріне келіп жеткен «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы алдымен Ақтоғай станциясынан бастау алған еді. Енді міне Семей шаһарынан кейін Дегелең станциясына жол тартпақ. "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы республикалық акциясы - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған ірі ауқымдағы әлеуметтік іс-шаралардыӊ бірі. Бір күндік жұмыс жоспарларының соңына таман жетекші шығармашылық ұжымдардыӊ, Қазақстанныӊ өнер шеберлері, сондай-ақ, өӊірлік дарынды жастардыӊ мерекелік концертін өткізілді.
Динара Ерболқызы