Дүйсенбі күні «Динамо» қоғамы қалалық филиалының залында Балаларды қорғау күніне орай «Динамо – Қазақстан балаларына» атты акция барысында Жасөспірімдерді бейімдеу орталығы мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында спорттық сайыс өтті. Іс-шараны өткізуге мұрындық болып отырған аталмыш спорт кешенінің басшылығы мен Семей қаласы Ішкі істер басқармасы.
Балалар арасында өткізілген сайыстың басты мақсаты жас жеткіншектерді спортқа бейімдеу және салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Балалар жас ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Атап айтқанда, 7 мен 9 жас, 10 мен 12 жас, 13 пен 15 жас және 16 мен 18 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті.
«Бүгінде жазғы демалыс басталса да балалар спорттық сайысқа қатысуға ерекше қызығушылық танытып отыр. Балаларды қорғау күніне орай бұл шараны жыл сайын өткіземіз. Ешкімде сый-сыйапаттан құр алақан қалмайды. 1,2 және 3 орын алған командалар арнайы әзірленген медальдармен марапатталса, белсенді ойыншыларға футбол формасы, доптар, теннис ракеткаларын табыс етеміз. Балаларға көтерінкі көңіл күй сыйлау баршамыздың міндетіміз», - дейді «Динамо» спорт кешені қоғамы кеңес төрағасының бірінші орынбасары Самат Қонысбеков.
Айта кетейік, жас айырмашылығына байланысты әр топтың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жазғы демалыстарын қызықты етіп өткізулері үшін спорттық жолдама беріледі.
Айдана МАҒЖАН