Спектр
  • :

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

18 Ноября 2016
Просмотров: 2647
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев семейлік студенттермен кездесу өткізді. Келелі жиында аудан басшысы Тарбағатайдың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда ілгері дамып келе жатқанын айта келіп, бітіруші түлектерді еңбек жолын туған ауылдан  бастауға шақырды. 

Семейдің Шәкәрім атындағы оқу ордасында өткен жүздесуге Тарбағатай жерінен түлеп ұшқан 190-ға жуық студент келді. Солардың бірі – Динара Жүрсінова.  Математика мамандығы бойынша білім нәрімен сусындап жүрген ол үстіміздегі жылы оқуын тәмамдайды. Жоғары білім алған соң Динара кіндік қаны тамған жер - Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылына қайтып оралып, сол жерде тәжірибе жинақтамақ ниетте. Айтуынша, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарды жұмыссыздықтан құтқарады әрі туған ауылды көркейтуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеде ауданның жұмыспен қамту орталығы тарапынан 55 түрлі бос орын ұсынылды. Өткен жылға қарағанда осы жолы бос орындардың саны әлдеқайда көп. Мұның себебі Тарбағатай ауданының әлеуметтік, экономикалық жағдайы қарыштап өсуімен байланысты болса керек. Білім және денсаулық саласына да білікті кадрлар жетіспейді,-дейді ауданның жұмыспен қамту бөлімінің басшысы.  

 

«Дипломмен ауылға» – ауылдың жағдайын жақсартуға септігін тигізетін бірден бір бағдарлама. Тарбағатай жерінде бағдарлама аясында биыл 18 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде ауданда ауыл және мал шаруашылықтары айтарлықтай жақсы даму үстінде. Соған орай мұнда технолог, инженер, мал дәрігері сынды мамандықтарға сұраныс артып келеді.

Жібек Серғазы


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Модуль опросов не установлен.

Архив

Показать все за период:
Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA