Спектр
  • :

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды ауа райы сақталады

20 Октября 2016
Просмотров: 2228
Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды ауа райы сақталады
Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды болып, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада ала бұлтты, кейде қар жауады, сырма соғып, көктайғақтанады, батыстан, оңтүстік-батыстан  9-14 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы -1+1 аралығында. 
Алматыда ала бұлтты, жауын жаумайды, 5 м/с жел соғады, +7+9.
Ақмола, Павлодар облысында қар жауады, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, осы аймақтағы ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында жауын жауып, арты қарға айналады, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, көктайғақ, бұрқасын, осы аймақтағы ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 
Қарағанды облысында жауын-шашынды, тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, -2+3. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, -2+3.
Жамбыл облысында  жауын-шашын болуы ықтимал, тұман, көктайғақ, +3+8. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +3+8 және +4+9; Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с  жел тұруы мүмкін. Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, ауа температурасы +6+11.
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болмайды, сәйкесінше, +7+12 және +3+8; Маңғыстау облысында кей жерлерде  тұман түседі.  Атырау облысында аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, +3+8. Ақтөбе облысында да аздаған жауын-шашынды, +1+6.
Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA