
Жалпы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл жаңа бастамасының бірнеше ерекшелігі бар. Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келген.
Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықталуда. Бұл әрине, халық үшін өте маңызды әрі тиімді. Өйткені, бұл науқан ауыл халқына өңірдің өзекті мәселелерін жетік білетін адамды таңдауға мүмкіндік береді.
Бүгінде Семей өңірі бойынша 4 ауылдық округте сайлау процесі өтуде. Ауыл халқы дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін.
А. Доғалақов, Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы