Спектр
  • :

Қажетті ұпайдан айырылдық

17 Октября 2016
Просмотров: 1558
Қажетті ұпайдан айырылдық

Өткен аптаның сенбісінде ел футболының  бірінші лигасының 26 туры аясында ШҚО Алтай командасы өз алаңында  Қызылжар командасын қабылдады. 

Аладоп  бәсекесіне жиналған қауымның қарасы көп  болды.  Себебі  алаңға  кіруге билет  те  тегін болса, екіншіден   бұл ойын  лига  аясындағы  Алтайдың  өз  қабырғасында  өткізетін  соңғы матчы болатын.  Қос  команда үшін де бұл ойын жауапты болды.  Себебі, турнир кестесінде  2 орынға табан тіреген  қос команда да премьер лигаға шығуға үмітті,  екі команданың да жинаған ұпайлары бірдей 46 ұпай болатын.


 Ойын барысына тоқталсақ,  матчтың  алғашқы  минутынан-ақ  қонақ команда өткір  шабуылдарымен  көзге  түсті. Матчтың небәрі   6 минутында-ақ Босниялық шабуылшы Бошко Ступич есеп ашып үлгерді. Өз  қақпасына доп өткізіп алған  «Алтай» командасы  қарсылас қақпасына бағыттап бірнеше  шабуылдар жасады. Алайда,  қызылжарлық қорғаушылар  қақпаға бағытталған  допқа  тосқауыл  бола  білді. Ал, ойынның екінші жартысында  доп иелігін Алтай командасы толықтай өз иелігін алды. Дегенмен, екінші таймда жанкүйер қауым қос командадан гол көре алмады. Әсіресе  жерлес команда үшін   қонақ команда қақпасынан саңылау табу қиынға соқты. 78 нөмірлі Қызылжарлық  қақпашы Тимурбек  Закиров  қауіпті шабуылдардан қақпасын қорғай білді. Ол қаншама бұрыштамалар мен айыпдобынан жасалған соққыларға да дер кезінде төтеп берді. Қорытынды есеп 0:1. 



Қызылжарлықтардың пайдасына шешілді. Айта кетейік, бірінші лиганың ойындары 30 қазанда  аяғына жетеді. Алтай командасы  кезекті екі ойынын сырт алаңда Мақтарал командасымен одан кейін, соңғы турлардың  нәтижелеріне қарамастан Премьер лигаға мерзімнен бұрын жолдама алған Қайсар командасына қарсы  өткізеді. Жерлес командаға сәттілік тілейміз.   

                                                                                                                                   

                                                                                                                                       Рүстем Мұхамет-Рахым



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA