Спектр
  • :

Қазақстан темір жолының даму жолы

20 Октября 2016
Просмотров: 3517
Қазақстан темір жолының даму жолы

«Қазақстан Теміржолы ұлттық комитеті акционерлік қоғамының филиалы «Семей магистралдық желі бөлімшесінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 2015-2016 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді. 

65 шақты теміржол саласының қызметкерлері іс-шара барысында  негізгі мәселелерді талқылап, нақты санақтарға көз жүгіртті. Семейжол бөлімшесінің директоры Марлен Көкрекбаевтың мәлімдеуінше, теміржолдың  әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше. Сонымен қатар, партия мен аталмыш саланың көздейтіні бір, яғни халыққа адал қызмет етіп, жемқорлыққа жол бермеу.

Теміржол бұрын да қалаларды бір-бірімен байланыстыратын басты көлік түрі болған және әлі де солай болып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан теміржолының даму деңгейі ауыз толтырып айтарлықтай.  2012-2016 жылдардың өзінде жүк айналымы 231,7 млрд. тонна-шақырымнан 269,3 млрд. тонна-шақырымға жеткізіліп, 16 пайызға артқан. Қазақстан теміржолының кірісі 496,8 млрд.теңгеден 819 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп 1,7 есеге өсті. Бүгінгі таңдағы  теміржол бекетінің  жолаушыларға қызмет көрсету сапасы едәуір жақсарған.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Қазақ теміржолының даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор» деген еді.  Осы ретте теміржол саласының қызметкерлері көздеген мақсаттарға  жету жолында әлі де талай жұмыстар атқармақ.

Айгерім Айтқазина

 



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA