
Экспресс-трибунада 1465 жылы құрылған Түркі қағанаты, Алтын Орда және Қазақ хандығы кезіндегі Қазақстан тарихынан ақпараттар айтылды.
1991 жылдан бастап еліміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуына, тәуелсіздік таңында Қазақстанның орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қазіргі заманғы еркін нарықтық жүйеге, басқарудың тоталитарлық моделінен көппартиялы демократияға трансформациялауға бағытталған реформаларды іске асыруға кірісуіне көп көңіл бөлінді.
Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан 186 елмен дипломатиялық қатынастар орнатты, Еуразияның қарқынды дамып келе жатқан экономикаларының біріне және халықаралық аренадағы беделді елге айналды.
Кітапхана мамандары саяси өзгерістер, мәдениет, экономика, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрамы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Қазақстанның 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі үздік 30 жетістіктеріне баса назар аударылды.