Спектр
  • :

Автобустардың қозғалысы онлайн режімде бақыланатын болады

26 Октября 2016
Просмотров: 1588
Автобустардың қозғалысы онлайн режімде бақыланатын болады

Бүгін қалалық «Нұр Отан» бөлімшесінде партия бақылау комиссиясының отырысы өтті. Әрбір тоқсанда бір рет болатын жиналыста халықты алаңдататын басты сауалдар талқыланды. Оның бірі -  2020 жылға дейін Семей өңіріндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және көлік мәселесі. Бүгінде ауа райының қолайсыздығынан бірқатар қоғамдық көліктердің сирек жүруі жұрттың наразылығын тудырады. Осы себептерден тіпті кей кездері қоғамдық көліктер қала тұрғындарын діттеген жерлеріне апармаймыз деп халықты зар қақсатуда. Күтіп тұрған жандардың тең жартысы мектеп жасындағы балалар мен ардагерлер. Шаһар тұрғындарының айтуынша мәселе тек қана тонып қалған балаларда емес, күнделікті автобуста қатынап жүрген ардагерлерге де ешбір жеңілдік жасалмайды деп дау көтеруде. 

Күрең  күздің  бел   ортасында  шахарға   қылышын  сүйретіп келіп  қалған қаһарлы  қыс  басталмай жатып  қала тұрғындарына осындай қолайсыз жағдайды әкеліп жатыр.   Көктайғақ  салдарынан қоғамдық көліктер баяу қозғалып, көлік кептелісі орнап,  жолаушылар  өз маршруттарын    бір-екі   сағаттап күтеді. Осы сұраққа Семей қаласының  жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Юрий Пазына келешекке болжап отырған жоспарларымен бөлісті. 

"Халықтың наразылығын тудырған қоғамдық көлік мәселесі жайында Юрий Пазына онлайн жүйесінде автобустарды бақыламақшы. Оның жоспары бойынша әр жолаушы «инфо бас» атты сайтқа кіріп, көліктің қатынайтын уақыты мен кестесін ұялы телефоны арқылы қарауына болады. Яғни, арнайы белгіленген уақытта әр автобус аялдамаға келген және кеткені туралы басшыларға мәлімдеп отырады",- дейді Юрий Сергеевич.

Айгерім Айтқазина 



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA