Спектр
  • :

Қарызы бар тұлғалар жауапқа тартылады

18 Октября 2016
Просмотров: 1959
Қарызы бар тұлғалар жауапқа тартылады

Шығыс Қазақстан  аймақтық энергетикалық компаниясы қызметкерлері, сот орындаушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен  электр қуатына қарыз болған 2 үйге арнайы барып қайтты. Академик Павлов көшесінің №32 үйі тұрғындарының жарыққа деген бүгінгі қарызы 218 мың теңге, ал Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі  №105 үйдің берешегі 81 мың теңгені құрайды. Энергия жүйесіне ақы төлеуден бас тартқан жеке тұлғалар бүгін электр энергиясынан ажыратылды.

Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі 105 үйдің тұрғындары есігін ашпай, ешбір жауап берген жоқ. Жеке сот орындаушысы Тілек Қалиевтың айтуынша, электр қуатын сөндіргеннен кейін бұл мекенжайдың тұрғындарын сот алдында жауапқа тартпақ. 

"Академик Павлов көшесіндегі  32 үйдің қожайыны Ағатаев Сәлім тілшілерге сұхбат беруге бас тартып, әрдайым есігін құлыптап алады",- дейді мемлекеттік сот орындаушысы Құралай Қайырбекова. Өзі бой көрсетпесе де, жекеменшік үйдің тұрғыны арқылы  қарызын төлемеймін деп сәлем беріпті.

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» Акционерлік қоғамына Семей Водоканал және жылу коммуналдық энергиясы мекемелері 513 миллион теңге қарыз. Сонымен қатар, негізгі қарызды қаланың сол жақ жағалауында орналасқан үйлердің тұрғындары құрайды. Жалпы, электр қуатына қала бойынша берешек сомасы заңды және жеке тұлғалар арасында 717 миллион теңге деп айтылған. 

Электр қуаты үшін уақытылы төлемейтін қала тұрғындарын «Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» жауапқа тарту мақсатында электр жарығынан ажыратады. Аталмыш мекеменің мамандары мұндай келеңсіз жағдайға ұшырамас үшін шаһар халқын экономиканың басты локомотиві- энергетика үшін дер кезінде төлем жасауға шақырады. 

Айгерім Айтқазина

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                       



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Модуль опросов не установлен.

Архив

Показать все за период:
Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA