Спектр
  • :

Қарты бар үйдің - қазынасы бар

18 Октября 2016
Просмотров: 3003
Қарты бар үйдің - қазынасы бар

Қарты бар үйдің - қазынасы бар

Қарттар үйі – сан түрлі адамдардың тағдыры тоғысқан қара шаңырақ. Мұнда тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің соқпағын көрген жандар ғұмыр кешуде. Сондай жандардың бірі – Мүтифолла Ошыбаев. Мүтифолла ата бүгінде 86 жаста. 50 жылға жуық ғұмырын білім беруге, шәкірт тәрбиелеуге арнаған ізгі жан.  Қарттар үйін паналаған жаны жайсаң Мүтифолла Ошыбаевтың қаладағы діни қызметкерлерге айтар алғысы мол. Себебі, олар жыл сайын қайырымдылық шараларын өткізіп, қазыналы қарттарға рухани демеу болып келеді.



Үлкенді сыйлау, қарияларды құрметтеу – қазақ дейтін текті халықтың қанында бар қасиет.  Осы ретте, Семейдің бас имамы бастаған дін қызметкерлерінің  қарттарға көмек көрсету айлығы аясында ұйымдастырған бүгінгі игі шараның маңызы орасан зор. Жылдан жылға жалғасып келе жатқан бұл дәстүрдің келешек ұрпақты тәрбиелеудегі орны ерекше. Қайырымдылық көрсету шеңберінде қаладағы Автомех колледжінің бір топ өнерпаз жастары жүздерін мұң басқан  әзиз әжелер мен ардақты аталардың  бала жүрегін қуанышқа бөледі. Бірі қара домбырамен ән айтса, енді бірі көңіл толқытар әсерлі, тәтті күй орындап берді.



Қазіргі таңда Семейдің қарттар үйінде 170 адам тұрады. Әрқайсысының жанарында қуаныштан гөрі мұң басым. Мұнда бәрі бар. Ішер асың дайын. Киер киім де табылады. Үкімет тарапынан қолдау да бар. Тек.... жақын жанашыр жандардың болмағаны көңілге қаяу түсіреді. ..

Жібек Серғазы



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA