
Қалалық «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департамент қызметкерлері азаматтарды жеке бастарына қатысты сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында мемлекеттік төлемақы, зейнетақы, қосымша қызметтік төлемдер жайлы сауалдар қойылды. Көкейінде жүрген түйіткілді мәселенің шешімін табу мақсатында Департамент қызметкерлерінің қабылдауына келгендердің бірі – Семей қаласының тұрғыны Зейнеп Дюсембинова. Ол Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен. 1997 жылдың 9 ақпанында зейнеткерлікке шыққан. Алайда, зейнеткерлікке шыққанын растайтын құжатында өзі жұмыс істеген мекеме маманы дұрыс мәліметтер жазбаған болып шықты. Құжатта Зейнеп Дюсембинова 1997 жылы емес, 1993 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты деп көрсетілген. Осы мәселе бойынша зейнетақы төлеу орталығына барып, сан мәрте уәж айтқанымен, мардымды жауап ала алмаған көрінеді. Десек те, 1997 жылы зейнетке шыққан күннің өзінде Заңға сәйкес төлемақы мөлшері өзгермейтінін, қазір алып отырған 40 мың теңге зейнетақысынан да біршама кем болуы керек екенін айтады мамандар.
Айгерім Айтқазина