Спектр
  • :

«Абай» деп соққан жүрегі...

12 Ноября 2016
Просмотров: 3248
«Абай» деп соққан жүрегі...

Биыл абайтанушы, халық композиторы Арғынбек Ахметжанов 80 жасқа келіп отыр. Мерейтой қарсаңында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайы қара шаңырағында ««Абай» деп соққан жүрегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Композитордың өмір тарихы мен шығармашылығы насихатталған жиынға Семейдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының майталмандары, студент жастар келді.

Абай елінің тумасы Арғынбек Ахметжановтың өнерге деген сүйіспеншілігі бала кезінен оянған. 18 жасында сазгерлік жолға аяқ басқан ол Абайдың 45 өлеңіне, Шәкәрім қажының 2 өлең сөздеріне ән жазды. Бұралаң жолдары көп «өнер» дейтін дара жолға түсуінің негізгі мақсаты – данышпан Абайдың өлеңдеріне ән шығару еді. 1954 жылдары композитор туған ауылында Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың көзін көрген ақсақалдармен кездеседі. Сол кезде ауылдың ардақтылары Арғынбек Ахметжановқа Абайдың мұра етіп қалдырған шығармаларын өшірмей, өскелең ұрпаққа дәріптеуді аманат етіп тапсырады. Қалаға алдыңғы толқын ағалардың аманатын арқалап қайтқан Арғынбек Ахметжанов көп ұзамай сол жылы «Тоты құс түсті көбелек» атты Абайдың өлеңіне ән жазып шығарады.

Дара тұлғалардың мұрасын насихаттап жүрген Арғынбек Ахметжановтың қолөнер шеберлігімен де айналысатыны бар. Шебер осы уақытқа дейін 100-ге тарта домбыра жасаған екен. Мұндай өнер оның бойына әкесі Ахметжаннан дарыған. Әкесі ұлына тек домбыра жасаудың ғана емес, қамшы өру, аяқ-киім тігу сынды қолөнердің құпияларын үйретіп кеткен.

Халық композиторының 80 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш барысында Абай мұражайының ұжымы атынан музей директоры Болат Жүнісбеков мерейтой иесіне шапан жауып, алтынмен қапталған төсбелгі тақты.

Әдеби-сазды кеш қаладағы өнерпаз жастар мен музыка саласы  мамандарының әуезді ән орындауымен жалғасын тапты.

Жібек Серғазы


Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA