Спектр
  • :

Абай ауданының жәрмеңкесі өтті

14 Ноября 2016
Просмотров: 1886
Абай ауданының жәрмеңкесі өтті

Өткен сенбі күні Семейдің «Северный» сауда логистикалық орталығында Абай ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 

Ауданға қарасты 9 ауылдық округінен жеткізілген 7 тонна ет, сүт өнімдері және көкөністер төмен бағада саудаланды. Таңертеңнен жәрмеңкеге асыққан семейлік тұрғындардың қарасы қалың болды. Табиғи таза ауыл өнімдерін сатып алуға асықты олар.

Семей өңірінде әр демалыс сайын мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған. Халыққа ұсынылған азық-түліктің бағасы да қара базардағыдан біршама арзан. Сондықтан, сенбілік жәрмеңке қарапайым тұрғындарға ақша үнемдеуге, ең бастысы таза өнімдерді алуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке әлеуметтік маңызы зор азық-түлік құнының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде. Абай ауданының 20-ға жуық шаруа қожалықтары әкелген ет өнімдерінің бағасы сан түрлі. Мәселен, қой еті 900 болса, сиыр еті 1000 теңгеден сатылды. Бұл баға біреулер үшін тиімді. Енді біреулер бұл жолғы еттің бағасы өткен сенбідегі жәрмеңкеде ұсынылған бағадан жоғары екенін айтады.

Күнделікті тұтынатын азық-түлігін айтарлықтай арзан бағада сатып алған тұрғындар дән риза. Сөмкелерін толтырып, үйлеріне қуанып қайтып жатты.

Жібек Серғазы


Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA