Спектр
  • :

Шығыс Қазақстанда 25 шілдеде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді

8 Июля 2021
Просмотров: 450
Шығыс Қазақстанда 25 шілдеде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді
Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде тікелей сайлау арқылы 77 ауылдық округте әкімдер сайланады.


26 маусымнан бастап өңірде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттар ұсыну рәсімі басталды.

Аумақтық сайлау комиссияларына 237 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Олардың көпшілігі немесе 63%-і өзін – өзі ұсынған, кандидаттардың 37%-ы саяси партиялардан шыққан.

Әрбір аудан туралы айтатын болсақ, Семей, Зайсан және Тарбағатай аудандарының ауылдық округтерінде – 13, Абай ауданында – 16, Аягөз және Ұлан аудандарында – 21, Бесқарағай ауданында – 6, Бородулиха ауданында-3, Глубокое ауданында – 18, Жарма ауданында – 10, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарында – 15, Көкпекті ауданында-9, Күршім ауданында-12, Үржар ауданында-34 кандидат ұсынылды.

Ұсынылған кандидаттардың 90%-і заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау рәсімінен өтті. Қазіргі уақытта кандидаттардың сенім білдірілген адамдары ауылдық деңгейдегі әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімін жүргізуде.

Аумақтық сайлау комиссиялары паспорт столы қызметінің мамандарын тарта отырып және тиісті хаттамаларды ресімдей отырып, қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруда.

Бүгінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне 57 кандидатты тіркеу рәсімі өткізілді. Кандидаттарды тіркеу рәсімі жалғасуда. Әкімдікке кандидаттарға тіркелуіне қарай тиісті куәлік беріледі, сондай-ақ олар сайлау бюллетеньдеріне енгізіледі.



Читают так же

Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA