
"Құнанбай" фильмі Халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" фильмі Уфа қаласында қазанның 26-ы мен 28-і аралығында өткен "Күміс Ақбозат" атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.