Спектр
  • :

«КӨМЕК ҚОЛЫ» - ІЗГІЛІК ЖОЛЫ

19 Мая 2021
Просмотров: 702
«КӨМЕК ҚОЛЫ» - ІЗГІЛІК ЖОЛЫ
«Отбасы Орталығы» қоғамдық қорының белсенділері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі жобасын осылай атады.


Сондай-ақ, жобаны «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры әзірлеген «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасы шеңберінде қолдады. Бүгінде 500-ге жуық отбасы мен жалғыз басты зейнеткерлер жоба аясында көмек алды.

«Отбасы Орталығының» атқарушы директоры Людмила Асташкина айтуынша, бұл Орталық Азияның Еуразия қорымен ынтымақтастықтағы алғашқы тәжірибесі болды. Орталық Азияның Еуразия қоры – Орталық Азиядағы азаматтық белсенділікті арттыруға, жеке кәсіпкерлікті, білім беруді және мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында 2005 жылы негізгі қаланған қоғамдық ұйым. Қазіргі таңда Алматы, Бішкек, Ош және Душанбеде кеңселері бар. Қазақстанның ҮЕҰ арасында түрлі әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін жарияланған грант  туралы «Отбасы Орталығы» ҚҚ әлеуметтік желілерден білді.

Көмек шын мәнінде атаулы болуы үшін – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің және қала емханаларының өкілдерін жинады, олар мұқтаж отбасылардың немесе жалғыз басты зейнеткерлердің шағын зейнетақымен мекенжайларымен және байланыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, бенефициарлар тізіміне «Отбасы Орталығы» өздерінің деректер базасында тіркелген, қор көмегіне үнемі жүгінетін адамдар да кірді.

Қор тарапынан көрсетілетін көмек шынымен мұқтаж жандарға көрсетілуі үшін «Отбасы Орталығы» ҚҚ әлеуметтік серіктестері – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлім-дерінің және қала емханаларының өкілдерін жинап, мұқтаж отбасылар мен аз көлемде зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлердің мекенжайлары мен байланыс орнату үшін ақпараттар жинады.

– Семей қаласының азаматтық секторында 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істей отырып, біз семейліктерді қандай проблемалар мазалайтынын, оларға қазір қандай көмек қажет екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан «Көмек қолы» (Рука Помощи) жобасын әзірлеу қиын болған жоқ.  Өмірде түрлі қиыншылықтарға тап болған жандармен тығыз қарым – қатынаста болу бізге қайырымдылық көмек көрсету бағыттарын өзі-ақ байқатты, – дейді Людмила Асташкина.

Осылайша, қоғам белсенділері жобаны іске асыру аясында күзде өз алқаптарында дақылдарын өсіру үшін тұқым, көшет және тұқымдық картоп таратуды ұсынды. Олар осылайша қыстық астық қорын ғана емес, келесі жылға тұқым жинай алды. Көшеттер мен тұқымдарды тарату үшін аз қамтылған және көп балалы, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған он шақты отбасы іріктелді. Негізгі шарт көшеттер қараусыз қалып, бекер жоғалып кетпеуі әрі оны міндетті түрде өз учаскелеріне отырғызу қажет.

– Бізге «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Комсомол кентінде жер телімдері мен жаңа үйлер алған оннан астам отбасының мекенжайы берілді. Олардың бақша отырғызатын аумағы бар. Бірақ, биыл көкөніс өсірумен он отбасы ғана айналысты, қалғандары жаңа тұрғын үй салумен және абаттандырумен шұғылдануды. Сондықтан біз тұқымдар мен көшеттерді өсімдіктер мен картопқа күтім жасауға мүмкіндігі бар адамдарға бердік. Маусым айының басында біз жобаның іске асырылуына мониторинг жүргіземіз және осы бағыт бойынша көмек көрсетілгендердің барлығына барамыз, – деп атап өтті «Көмек қолы» (Рука Помощи) жобасының үйлестірушісі Николай Лылык.

Қайырымдылық көмектің тағы бір бағыты – мұқтаж отбасыларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу. Көмек әрқайсысына 300 мың теңге сомасында болады деп шешілді. Жобаның бюджеттік қоры шектеулі болғандықтан бұл қаражатты тек үш отбасына беруге мүмкіндік бар, олардың екеуі өртенген үйлер. Өрттен зардап шеккен үйлерді салу және жөндеу үшін қажетті компоненттерді сатып алуға көмектесту мақсатында болса, үшінші отбасы бөлінген 300 мың теңгенің көмегімен құлаған шатырын ауыстыра алды.

Сонымен қатар, «Көмек қолы» ("Рука Помощи") жиналғандар саны көбейіп кетпес үшін бірнеше адамнан кезекпен «Отбасы Орталығының»  кеңсесіне шақырды. Ал денсаулығына байланысты келе алмағандарға азық-түлік жиынтықтарын қоғамдық қордың еріктілері үйлеріне жеткізді.

– Азық-түлік жиынтығын тарату бастамасы жалғасын тапты. Семейде демеушілер табылып, «Отбасы орталығына» қосымша қаражат бөлді, ал біз «Көмек қолы» ("Рука Помощи") жобасынан тыс тағы 70 азық - түлік жиынтығын тараттық, - деді Людмила Асташкина.

Сондай-ақ, «Отбасы орталығының» белсенділері мұқтаж отбасыларға бар-ғанда кейбір отбасыларда қарапайым жуғыш заттарды сатып алуға қаражат жетіспейтінін байқады. 180 мың теңгені үнемдеуден түскен қаражатқа гигиена құралдарын сатып алып, оларды 20 азаматқа табыс етті.

Николай Лылыктың айтуынша, «Көмек қолы» (Рука Помощи) жобасы тегін медициналық көмек тізіміне кірмейтін қымбат дәрі-дәрмектер мен диагностикалық жабдықтарды тарату арқыл тағы бір игі істі жүзеге асырды.

– Бастапқыда біз әрбір отбасы үшін қажетті әмбебап дәрі қобдишаларын жинағымыз келді. Бірақ, Медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің кеңесі бойынша, тонометрлерді, глюкометрлерді және қазіргі уақытта науқастарға қажет болатын қымбат дәрілік препараттардың тұтас жиынтығын сатып алдық. Оларды тарату ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен қалалық емханалар қызметкерлерінен тұратын еріктілерге тапсырылды, – деп атап өтті Николай Лылык.

«Көмек қолы» (Рука Помощи) жобасының жүзеге асуы шекті мөлшердегі шұғыл қайырымдылық көмек санатына жатады. Яғни, жобаға берілген үш ай аяқталды, алайда бұл Семейдегі барлық отбасының әлеуметтік мәселелері шешілді дегенді білдірмейді. Өкінішке орай, қазір жүздеген, мыңдаған семейліктер дәл осы көмек түріне мұқтаж.

Жобаны қорытындылау кезінде, «QOLDA» жобасының өкілдерімен әңгіме барысында «Отбасы орталығы» ҚҚ белсенділері мұндай әлеуметтік шаралардың жалғаса береріне сенім білдірді.

– Бізге осындай бағыттағы қайырымдылық жоба маусымдық сипатта болуы тиіс. 3-4 ай ішінде біз көптеген адамдарға көмек көрсете аламыз, ол атаулы ғана емес, ағымдағы маусымға да сәйкес келеді. «Көмек қолы» (Рука Помощи) жобасының көктемде жүзеге асырылуы семейліктердің тұқым мен көшеттерді қамтамасыз етудегі қиындықтарын шешуге көмектесті. Бірақ егер мұндай жоба күзде жүзеге асырылса, онда біз міндетті түрде көмір, отын сатып алуға және қыста көкөністер жинауға көмек көрсету бағытын енгізер едік,– деп Николай Лылык өз ұсынысын енгізді.



Вопрос ответ

все вопросы

Опрос

  • Читаете ли вы газеты?

Архив

Показать все за период:

Написать нам

Напишите нам

Прикрепить файл

Введите код

CAPTCHA